Мысық польшалық қаланың басты көрнекілігіне айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Гацек (жарқанат) атты мысық Польшаның Щецин қаласының басты көрнекілігіне айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Гацек (жарқанат) атты мысық Польшаның Щецин қаласының басты көрнекілігіне айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Үй жануары Google сервисінде 2 600 пікір жинап, ұстынды ғибадатхана немесе жағалауды басып озған. Мысықтың рейтингі - 4,9, Салыстыру үшін ежелгі қамалдың рейтингі небары - 4,5.

Гацек дүкен маңында тұрады. Оны қала тұрғындары тамақтандырады. Мысық ұйықтайтын жәшік маңында ескерту жазылған: "жануарды қажетсіз бекерге мазаламаңыз!".

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Англия құрамасының футболшылары Катарда өткен әлем чемпионаты кезінде команда базасында тұрған қаңғыбас мысықты алып кететіні белгілі болды.

Мысықты Кайл Уокер мен Джон Стоунс алуға шешім қабылдап, Катардың жануарларды қорғау қоғамына вакцинация мен чиптеу үшін екі мың еуродан аса ақы төледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная