Бұхара - архитектуралық мекен және тарихи-мәдени орын, Орталық Азиядағы ежелгі қалалардың бірі. Бұл қаладағы әр көше тарих пен шығыс мәдениетін бойына әбден сіңірген. Бұхараның тұрмыс-тіршілігі, бұқа терісіне салынған бекініс туралы аңыз және сән-салтанатты үйлену тойының дәстүрлері жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге дайындалған материалда баяндайды.
Негізі қаланған уақытта қала Бумиякат деп аталды, кейінірек ол көптеген басқа атауларға да ие болды, мысалы, Нуми, Ан, Анси, Бухо және Бухэ. Тағы бір нұсқа бойынша, қала атауы "бұхар" сөзінен шыққан, парсы сиқыршылары "ілім-білімнің жинағын" осылай атаған екен.
© Shutterstock
"Шығыс елдерінің ішінде Бұхара Бағдатқа ұқсас болып келеді. Қала дәрігерлер мен заң шығарушылардың мәртебесімен, ғұламалылығымен, білімділіктің ең жоғарғы жетістіктерімен жарқырайды", - деп жазды Бұхара жайлы парсы тарихшысы Джувейни.
Тарихи деректерге сүйенсек, Бұхара аумағындағы алғашқы қоныстар 2500 жыл бұрын пайда болған.
Бұхарадағы тарихи мұралар
Бүгінде қалада 140-тан астам сәулет ескерткіштері сақталған. Соның бірі - Ләби-Хауыз алаңы, өзбекшеден "тоған жанында" деп аударылады. Кешенге Күкелдаш медресесі, Диуан-Бегі медресесі, сол аттас ханака және тоған кіреді. Күкелдаш медресесінде 160 жеке намазхана бар. Надир Диуан-Бегі медресесінің жанында ғұлама, халық батыры Қожа Насреддинге арналған қола ескерткіш тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ежелгі Арк цитаделі де жақсы сақталған, ("арк" өзбек тілінен аударғанда "цитадель", "бекініс") ол жаудан қорғану үшін пайдаланылған. Ол Шыңғысханның толассыз шабуылдары мен 1920 жылы Қызыл Әскер шабуылынан аман қалған. Бекіністің аумағы төрт гектарға жуық болған, ал халқының саны үш мыңнан астам болды, бұл жерде әр кезеңде орта ғасырдың Омар Хайям, Әбу Әли ибн Сина, әл-Фараби және Фирдоуси сияқты ұлы тұлғалары өмір сүрді.
© Shutterstock
Оның пайда болуы туралы әдемі аңыз бар. Аңыз бойынша, Савуш атты жас жігіт ел әмірінің қызына ғашық болыпты. Қыздың әкесі оған шарт қояды, егер ол бұқа терісіне сыятын сарай тұрғызса, қызын Савушқа күйеуге беретінін айтады. Савуш бұқа терісін кесіп, оның ұсақ бөліктерінен үлкен төртбұрыш құрап, бекініс салады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бекіністе билеушілер сарайы, басқарушы мен әскери басшылардың қызметтері, қолөнер шеберханалары, қазына, құрал-жабдық, туысқандарға арналған тұратын жер мен сыйлы адамдар үйлері, киім-кешек, кілемдер, қару-жарақ, қазына қоймаларын орналстырады. Ал қазір мұнда археологиялық Бұхара мұражай-қорығы орналасқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Арк цитаделі - мен Бұхарадан көргім келген алғашқы орын. Бекініс өте үлкен, асқақ көрінеді. Онда сағаттап жүруге болады. Ішінде шынайы үй-жайлар бар, сіз ежелгі дәуірге аяқ басқандай керемет күй кешесіз", - дейді Бұхараға барған блогер.
Цитадельде аптаның кез келген күні сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін серуендеуге болады (тек сейсенбіде 14.30-ға дейін жұмыс істейді). Екі мың сомға (80 теңге) сізге аумақтың негізгі бөлігіне кіруге рұқсат етіледі, егер сіз тағы бір мың сум (40 теңге) төлесеңіз, онда сіз бекіністің ішкі жағына бара аласыз, ол жерден керемет көріністер пайда болады. Ол Пои-Калян архитектурасын да тамашалауға (ол туралы төменде) болады. Фото және видео түсіру үшін 3000 сом (120 теңге) бөлек төлеу қажет болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал бұл Пои-Калян архитектуралық кешені, ол XII-XVI ғасырларда салынған. Кешен екі медресені - Мири-Араб және Әмір-Әлімхан, Калян мұнарасы мен сол аттас мешітті қамтиды. Калян мұнарасы 1127 жылы салынған. Бір қызығы, оның қабырғаларында өрнектер қайталанбайды.
© Shutterstock
Бұхараның аумағында көптеген жылдар бойы ешкім таба алмайтын мол қазына көмілген деген аңыздар бар. Жергілікті тұрғындар бұл туристерге арналған қаңқу сөз деп санайды, бірақ 2017 жылы Саидкент ауылының тұрғыны үй тұрғызып жатқан жерінен ежелгі құмыраны тапқан. Ол бір жарым метр тереңдікте көмілген. Ал құмыраның ішінде ежелгі монеталар болды, оларды кейінірек нумизматика мен эпиграфия мамандары XIII-XIV ғасырларға жатқызады. Эрик Муминов барлық 816 монетаны Мемлекеттік музейге сыйға тартады.
Айта кетсек, елу және одан да көп жыл бұрын пайда болған мәдени құндылықтарды Бұхарадан шығаруға тыйым салынған.
Бұқараның сан түрлілігі
2020 жылы Бұқара түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алды. Бұхара - көпконфессиялы қала - ежелгі уақытта мұсылманшылық келгенге дейін мұнда зороастризм, буддизм, манихейлік және басқа діндер уағыздалған. Осы уақытқа дейін Бұхарада иудаизм де, христиан шіркеулері де сақталған. Ежелден еуропалық зерттеушілер "Бұхар еврейлері" деп атап кеткен еврейлер әулеті өмір сүрді. Еврейлердің Орталық Азияға қалай аяқ басқаны белгісіз, бірақ бірнеше болжамдар бар:
- Ұлы Жібек жолы кезінде, сауда керуендерімен келіп, осында тұрақтап қалған;
- Ахеменидтер кезінде оларды мұнда экономиканы дамыту үшін әкелген;
- VII ғасырда Сасанидтер қазіргі Иран территориясында жеңіліске ұшырағаннан кейін, еврейлер Орта Азияға қашып келген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазір Бұхарадағы он мың еврейдің жарты жүзі ғана қалды. Көбісі АҚШ пен Еуропаға қоныс аударған. Айта кетсек, Куинсте (Нью-Йорк ауданы) оларда бұхаралық еврейлер қауымдастығы бар және өздерінің The Bukharian Times газеті шығып тұрады. Бұхарада олардың синагогалары, базарлары және зираттары сақталған аудан бар. Бұхарада қалғандары, оны өз Отаны деп есептейтіндерін және олар өздерін осы қаладан басқа жерде елестете алмайтындарын айтады.
Тарихи тұрғыдан, олар тәжік тіліндегі бұхар-еврей диалектісінің таратушылары. Рас, қазір олардың көпшілігі өзбек және орыс тілдерінде сөйлейді.
© Shutterstock
Қаланың оңтүстігіне қарай, Бұхара уәлаятында ұзындығы 80 шақырымға жуық оазис орналасқан. Ол Зарафшанның суларымен қоректенеді. Сонымен қатар, көптеген суару каналдары мен құрғақ көлдердің (Ағашұйық, Лухликүл, Құрбанбай, Рахматбаба, Гечикран және т.б.) қайнар көздері бар, олардың орнын қазіргі кезде сазды батпақтар мен шағылдар басқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ежелгі уақытта олардың жағалары тығыз тоғайлар мен аңдарға толы болған, ал ежелгі тайпалар үшін олар аң аулау мен балық аулауға арналған мекен болған. Осы күнге дейін оазисте егіншілік, жер өңдеу және мал шаруашылығы жақсы дамыған.
"Зарафшан Согдиананы суарып, шөлді құмға сіңіп кетеді. Өзендегі су жоғалған жерден әрі шөл басталады. Су өзінің көптігіне қарамай жоғалады, өйткені ол құмға сіңеді",- деп сипаттаған Бұхара оазистерін біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырда өмір сүрген грек географы Страбон.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұхара өзінің салт-дәстүрлері мен рәсімдерімен танымал. Мысалы, мың қонаққа арналған той, бұл – қалыпты жайт (әрине, пандемия басталғанға дейін болған, қазір ең көп дегенде 30 адамға рұқсат етіледі). Жалпы Бұхараның үйлену дәстүрінде 25-ке жуық рәсім жасалады. Бірақ бүгін де олардың көпшілігі қысқартылған немесе біріктірілген екен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фотия (некелесу) немесе қыздардың ұзатылу тойы деп аталатын түрлі-түсті шара музыкамен сүйемелденеді. Мерекелік сәнді киінген әйелдер мен ер адамдар көше бойымен жүреді. Шеруді қолдарына қарнай, сырнай (ұлттық музыкалық аспаптар) және барабандар ұстаған музыканттар басқарады. Бар дауыстарымен жар салу осы аймақтағы қызға құда түскенін хабарлайды және үйлену тойына дайындық туралы ескертеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дәстүр бойынша үйлену той қалыңдықтың үйінде болған. Қазіргі уақытта үлкен мерекелерге арналған үлкен залдар (тұй-хона) салынуда. Тойға 150-ден 1000 адамға дейін жиналады. Әдетте той бейсенбі немесе сенбіге белгіленеді.
© Shutterstock
Тойда ғана емес, күнделікті өмірде де өзбектердің басты тағамы - палау. Әйгілі Бұхара палауы (ош-софи - еркін түрде "сакралды палау/тағам" деп аударылады) төрт қазанда дайындалады. Өйткені, әрбір ингредиенті бөлек-бөлек пісіріліп, қуырылады: ет пен пиязды бір қазанға қуырады, екіншісіне май қыздырады, үшіншісіне күріш пісіреді. Осыдан кейін барлық өнімдер мыс қазанға салынып араластырады. Бір кездері тағам дайындау рецепті құпияда сақталған, сондықтан оны кез келген аспаз дайындауға келіспейтін.
Сіз нағыз Бұхара палауын қаланың барлық мейрамханаларында жей аласыз. "Палау орталығында" бір табағының бағасы 300 теңгеден басталады. Егер сіз ескі еврей кварталынан барсаңыз, онда бұхарлық палауды дайындаудың барлық дәстүрлері сақталған Old House мейрамханасына барыңыз.
Бұхараның сауда орталықтары
Бұхараның орта ендікте орналасқандығына байланысты климаты өте қолайлы. Ауаның орташа жылдық температурасы күндіз 27 градус, түнде 12 градус. Бұхараға баруға қолайлы айлар - наурыз, сәуір және қазан айлары, онда температура 22 градус шамасында болады, ал жауын-шашын аз болады. Алайда бұл жерде жазда жіңішке ыстық болуы мүмкін, шамамен 40 градус. Күндіз туристер күн сәулесіне шықпауға тырысады және Бұхарада таңертең ерте немесе күн батқаннан кейін серуендейді. Сондықтан базарлар түнімен ашық.
© Shutterstock
Сауда күмбездері Ләби-Хауыздан Мири-Араб медресесіне дейін созылып жатыр. Бұрынғы кезде, XVI ғасырда, Шейбанидтер әулеті тұсында Бұхара астана болған кезде қаланың жан-жақты дамуы басталды. Сонымен қатар, астана Ұлы Жібек жолының бойында орналасты, сондықтан базарлар мен сауда дүкендері ірі жолдарды одан әрі толтырды.
© Shutterstock
Бірнеше ғасырлардан кейін тек төрт сауда күмбезі қалды, олар - Токи-Саррофон, Телпак Фурушон, Тим Абдуллахан және Токи-Заргарон. Соңғысы - ең үлкені. Бұл әр түрлі бұйымдарды сатып алуға болатын зергерлердің мекені. Токи-Саррофоннан сіз әртүрлі кілемдер мен ұлттық орамалдарды таба аласыз, Телпак Фурушон кәдесый пышақтарын, зергерлік бұйымдарды немесе музыкалық аспаптарды сатып алуға болатынымен танымал. Тим Абдуллаханда әрдайым салқын болып тұрады, және мұнда түрлі-түсті кілемдер мен басқа да маталар үшін келеді.
© Shutterstock
Нижний Новгородтан келген саяхатшы Бұхара мен оның базарларын аралап көргеннен кейін бұл процесті былай сипаттады:
"Бұхара базардағы айлакер қариямен шай мен кептірілген өрікті қалай саудаласуды үйретеді, сонда ол бағаны екі есеге төмендетіп жібереді, мен бір дорба тәттілер мен тағы бір сөмке дәмдеуіштермен шықтым. Мен кетіп қалған соң, мүмкін мені алдаған шығар деп ойладым, бірақ, мен бұл процестен керемет рахат алдым!"
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шынында да, базарларда саудаласу мүмкін, сонымен қатар, өте қажет. Жергілікті тұрғындар сатушылар кейде бағаны ойынан шығара салады, саяхатшыға сенеіп қалады деп әзілдейді. Сізге бұл жерде нақты бағаны білу қиынырақ, сондықтан саудагер сұрағанынан аз беріңіз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қалай жетуге болады?
Бұхара Өзбекстан астанасы Ташкенттің батысында 600 шақырымдай қашықтықта орналасқан.
Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер уақытша тоқтатылғанын ескеріңіз. Бұхараға сапар шегу кезінде әуежай трансферін ұйымдастырудың маңызды екенін ұмытпаңыз, өйткені ол қаланың шетінде орналасқан. Теміржол вокзалы да қаладан 12 км қашықтықта, Қаған қаласында орналасқан.
Ресейден, Украинадан және Қазақстаннан көптеген саяхатшылар Шымкенттен Өзбекстанмен шекаралас бағытқа таксимен барады. Сіз "Жібек жолы" кеден бекетіне (ел арасында атауы Черняевка) 1000-2000 теңгеге жете аласыз. Шекарадан өткен соң, 200-300 теңгеге таксимен Ташкентке жетесіз. Ал ол жерден ұшақпен Бұхараға дейін баруға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.