"Мүлдем ішпеңіз". Стюардесса ұшақта тыйым салынған сусынды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Ұлыбританияның ірі әуекомпаниясында қызмет ететін стюардесса ұшақта ішуге болмайтын сусынды атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі tourprom.ru сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританияның ірі әуекомпаниясында қызмет ететін стюардесса ұшақта ішуге болмайтын сусынды атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі tourprom.ru сайтына сілтеме жасап.

Тәжірибелі стюардесса Селина Беддинг Mirror басылымына берген сұхбатында не себепті мұндай кеңес бергенін түсіндіріп берді.

Оның сөзінше, ең басты тыйымдардың бірі - 9 мың метр биіктікке көтерілгенде крандағы суды ішпеу.

"Санитарлық тораптан мүлдем су ішпеу керек. Көптеген зерттеу бұның гигиеналық тұрғыда дұрыс емес екенін дәлелдеді. Ұшақтарда тыйым белгісі де жабыстырылған. Егер сіз бұл суды мәжбүрлеп сатып алғызудың жолы деп ойласаңыз, қателесесіз. Бұл сіздің денсаулығыңыз үшін қолға алынған шара екенін ескеріңіз", - деді Селина.

Сонымен қоса Селина ұшу кезінде көп тамақтанбауға кеңес берді. Айтуынша, ұшақта берілетін тағамға көп тұз қосылады. Бұл жолаушылардың денсаулығына кері әсерін тигізуі ықтимал.

"Борттағы қан қысымының төмендеуі салдарынан біз дәм сезу рецепторларының 30%-ынан айырыламыз. Сондықтан әуекомпанияға тағам дайындайтын мекемелер оған көбірек тұз қосады. Соның арқасында 9 мың метр биіктікке көтерілгенде тағамдар дәмді болып көрінеді", - деді ол.

Беддинг атап өткендей, лайнер жолаушылары көбінесе сэндвичтердмен тамақтанады. Дегенмен бортсерік оларды салаттарға ауыстырған дұрыс дейді.

"Оданда көкөніс немесе жеміс салатын таңдаған дұрыс. Сондай-ақ су балансы бұзылмас үшін таза суды жиі шу керек", - деп түйіндеді стюардесса.

Бұдан бөлек Lufthansa әуекомпаниясының мамандары да сусындарға қатысты қызықты деректерді айтып берді. Ғылыми тұрғыда қызанақ шырыны көптеген бортсерік пен жолаушының сүйікті сусыны екені анықталды. Әуеге көтерілгенде қан қысымы төмендейді. Дәл осы кезде дәм сезу рецепторлары өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде бұрын ұнаған тағамыңыз, әуеде дәмсіз болып сезілуі мүмкін. Дегенмен қызанақ шырынының құрамында умами деген заттек бар. Ол ұшу кезінде қасиетін сақтап қалады. Әуеде қызанақ шырынының басқа тәтті сусындарға қарағанда дәмдірек болуы содан екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная