"Мэрилин Монродай өмір сүр". АҚШ туристерге жаңа қызмет түрін ұсынды

Лос-Анджелестегі қонақүйлердің бірі туристерге ерекше демалыс, яғни "Мэрилиндей өмір сүр" деп аталатын жаңа қызмет түрін ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Travel & Leisure сайтына сілтеме жасап.

Атақты киножұлдыз Мэрилин Монро аталмыш қонақүйде көп жылдар тұрған. Мәселен, "Махаббат оты" фильмін түсіру кезінде ол мұнда француз әншісі және актері Ив Монтанмен бірге тұрған. Қонақүй мейрамханасында оның өз үстелі болған.

Енді қонақтар Монро сүйетін барлық нәрселерден тұратын пакетке тапсырыс бере алады, оның ішінде екі адамға арналған сәнді бунгало да бар. Сонымен қатар, туристерге Атлант теңізінің тұзы, апельсин және грейпфрут майлары қосылған көпіршікті ванна, мен CHANEL N°5 иіссуы ұсынылады.


© Beverly Hills Hotel

Қызметке тағы да шампан шарабы мен "Мэрилин ас мәзірінен" екі адамға кешкі ас кіреді.

"Менің үйде ішетін тағамдарым өте қарапайым. Мен күн сайын кешке қонақүй жанындағы базарға тоқтап, стейк, қойдың етін немесе бауыр аламын, оны өзімнің бөлмемдегі электр пешке қуырамын. Әдетте, етпен төрт-бес шикі сәбіз жеймін, бар болғаны осы", - деген Монро бір сұхбатында. Ол сондай-ақ кейде тәтті тағам ретінде балмұздақ жейтінін айтқан.

"Мэрилиндей өмір сүр" қызмет құны қымбат, бунгалоға байланысты бір түнге 2600 доллардан 9200 долларға дейін барады.

Осыған дейін ұлыбританиялық Economist Intelligence Unit (EIU) журналының сарапшылары Лос-Анджелесті (99 балл) 160 түрлі тауарлар мен қызметтердің бағаларына сүйене отырып, жер бетіндегі ең қымбат орындардың бірі деп таныған. Планетаның 133 қаласының рейтингінде Париж, Сингапур және Гонконг бірдей 107 ұпай жинап, бірінші орынға шықты.