Үндістанның IndiGo әуекомпаниясының стюардессасы жолаушымен жанжалдасып, ер адамның экипаж мүшелерімен дөрекі сөйлескенін ескертті, - деп хабарлайды Daily Mail.
Оқиға Ыстамбұл - Дели рейсінде ұшақ бортында болған. Жолаушылардың бірі бортсеріктен бутерброд сұраған, алайда оған қосымша тамақтану қарастырылмағаны айтылған. Осыған ашуланған жолаушы экипаж мүшелеріне айғайлай бастаған. Сондай-ақ, ол бортсеріктердің бірін жылауға дейін апарған.
Осы кезде көмекке тағы бір бортсерік келіп, ер адамды тыныштандырмақ болған. Алайда ер адам екінші стюардессаға да ауызын жабуды дөрекі түрде сұраған. Қыз эмоцияға ерік беріп, жолаушыны сабырға шақырды.
"Өзің ауызыңды жап! Мен сенің құлың емеспін! Сіздің менімен былай сөйлесуге құқыңыз жоқ. Мен сізді сабырмен тыңдадым, сіз болсаңыз мені де, менің әріптестерімді де адам құрлы көрмей тұрсыз", - деді жолаушының сөзін бөліп.
Осы жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде көп қаралым жинап, IndiGo қызметкері әп-сәтте жұлдызға айналды.
"Ол өз әріптестерінің сөзін сөйледі, мақтауға тұрарлық!", "Қыздікі дұрыс, ол құл емес. Бортсеріктер жарады!", - деді желі қолданушылары. Алайда бортсерік эмоциясын ұстау керек еді дегендер де болды.
Tempers soaring even mid-air: "I am not your servant"
— Tarun Shukla (@shukla_tarun) December 21, 2022
An @IndiGo6E crew and a passenger on an Istanbul flight to Delhi (a route which is being expanded soon with bigger planes in alliance with @TurkishAirlines ) on 16th December : pic.twitter.com/ZgaYcJ7vGv