Мексикада ресейлік визажист және блогер есірткіден бас тартқан. Осы әрекеті үшін бақсылар оны ұрып тастаған. Қыз оқиғаның егжей-тегжейін Instagram аккаунтында жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Екатеринбург тұрғыны Рада кейбір бақсылық тәжірибені зерттеу үшін достарымен Латын Америкаға барады. Олар жеке үйді, бірнеше көлікті жалға алған.
Визажистің айтуынша, оның үйіндегі жиын кезінде бірнеше отандасы "қатты мас болып" қалады. Көп ұзамай оның бақсы таныстары оған есірткі пайдалануды ұсынады. Ол бас тартады. Сөйтіп құрбысы мен артынан келген күйеуінің көмегі арқылы үйден шығып кеткісі келеді.
Алайда, бақсылар оның күйеуін ішке кіргізбей қояды, ал блогерді ұрып тастайды.
Оның айтуынша, бақсылар оны бассейнге тұншықтырғысы келген, басын бірнеше жерден жарған, шашын жұлып, өлтіреміз деп қорқытқан.
Нәтижесінде блогер бақсылардан қашып, ауруханаға жеткен. Блогердің айтуынша, өзіне шабуыл жасалғаны туралы постты Instagram әкімшілігі өшіріп тастаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!