Мексикада жолаушының құйтырқы әрекетінен ұшақ әуежайға қайта оралған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Әуекомпанияның бұрынғы қызметкері Канкуннан(Мексика) Шарлотқа (АҚШ) ұшқан бортқа жалған билетпен кіріп, қамауға алынды. Бұл туралы Fox News жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әуекомпанияның бұрынғы қызметкері Канкуннан(Мексика) Шарлотқа (АҚШ) ұшқан бортқа жалған билетпен кіріп, қамауға алынды. Бұл туралы Fox News жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Бір кездері Piedmont Airlines әуекомпаниясында жұмыс істеген жолаушы жалған билет ұсынып, төлқұжат бақылауынан өтіп, бортқа отырған. Алайда, ұшудан 15 минут өткен соң әуе кемесінің командирі жердегі қызметтен бұрылуға нұсқау алды.

Бастапқыда жолаушыларға лайнер техникалық себептерге байланысты әуежайға қайтуға мәжбүр болды деп хабарланды. Содан соң әуе кемесі қонғаннан кейін оны полиция қызметкерлері қоршап алып, салоннан шығарды.

Профилактикалық тексеруден кейін экипажға ұшуды қайта бастауға рұқсат етілді. Жалған билет жасаған азаматқа әуежай аумағына заңсыз кірді деген айып тағылды. Оқиғаны кеден, АҚШ Шекара қызметі және ФБР Біріккен террористік тобы тергейді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная