Мексикада анасы мен баласы аюмен кездесуден кейін таңғажайып жағдайда аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Желіде аш аюдың отбасылық пикникке күтпеген жерден келуінің сәті түсірілген видео вирусқа айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 5Chicago басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде аш аюдың отбасылық пикникке күтпеген жерден келуінің сәті түсірілген видео вирусқа айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 5Chicago басылымына сілтеме жасап.

Мексикалық Сильвия Масиас ұлы Сантьягоны аюдан қорғап, батылдық танытты. Ол ұлының 15 жасқа толуын тойлап жатқан, бір мезетте күтпеген жерден аю келіп, олардың дастарқанынан ауыз тимек болады. Аю тако мен энчиладаны тауысып қойған.

Видеоны Масиастың құрбысы Анджела Чапа түсірген. Онда Сильвияның Даун синдромына бар баласын құшақтап, көзін жауып тұрғанын көруге болады. Осы кезде аю дастарқандағы асты жеп жатады. Оның айтуынша, Сантьяго қорыққаннан аюды ашуландырып алады деп сескенген, сол себепті көзін жапқан.

@ctvnews Brave mom shields son and sits perfectly still after bear takes over picnic table #bearencounter #mexico #caughtoncam #blackbear ♬ original sound - CTVNews

"Ең қорқыныштысы Сантьяго шошып қалуы мүмкін еді. Ол жануарлардан, мысықтардан тіпті иттерден қорқады - сол үшін мен оның көзін жаптым. Ол айғайлап жіберсе, аю дереу шабуылдай бастайды деп үрейлендім", - дейді Масиас Associated Press басылымына берген сұхбатында.

Сильвия мен Анжела аюмен кездескен жағдайда деп алдын ала қандай әрекетке бару керектігін ойластырған. Олар Сантьягоның тыныш отыруы үшін ойын ойластырған - олар ескерткішке "айналған". Аю өте жақын келсе де олардың жоспары іске асып, баласы тапжылмай отырған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная