Маврикийдегі төтенше жағдай. Жүздеген турист әлемнен жырақтап қалды

"Белаль" циклоны Маврикий елді мекендерін ойрандады. Қазір төтенше жағдайға байланысты аралда комменданттық сағат режимі іске қосылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Le Mauricien порталына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, биіктігі 8 метрге жететін толқындар Маврикий астанасындағы Порт-Луи жағалауында ойран салған. Салдарынан көліктер мен ғимараттар да су астында қалды.

Бұдан бөлек сағатына 200 шақырымға дейін жететін дауыл соғып, жауын құйған. Жүздеген турист әлемнен жырақтап қалды. Тіпті халықаралық әуежай да жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Маврикий билігі дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ден сейсенбі сағат 12.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілгенін мәлім етті.

Коменданттық сағатты бұзғандарға 100 мың Маврикий рупиясына (2,3 мың доллар) дейін айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Көшелерде тек төтенше жағдайлар қызметкерлердің жүруіне рұқсат етілген.

Maurice Info басылымының деректеріне сәйкес, аралдағы табиғи апаттан кейін ұлттық метеорологиялық қызмет директоры отставкаға кеткен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!