Мәскеуден ұшпақ болған жолаушы сөмкесінде бомба бар екенін мәлімдеген

"Мәскеу-Ереван" бағытындағы рейс жолаушысы стюардессаға рюкзагында бомба бар екенін мәлімдеген. Полиция әйелді бірден құрықтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының деректеріне сәйкес жолаушы осылайша стюардессаға пранк жасап, әзілдегісі келгенін айтқан.

"Әйел бортқа көтерілген кезде стюардесса біреумен телефон арқылы сөйлескеніне наразы болған. Сөйтіп, ол "сөйлесуді доғарыңыз, әйтпесе менің рюкзагымдағы бомбаны жіберіп аласыз" деген, - деді порталдың дереккөзі.

Осыдан кейін ұшақ экипажы полиция шақырған. Кейіннен жолаушы ұсталып, жауап алу үшін бөлімшеге жіберілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!