Мәскеуде германиялық азамат қонақүйдің 12-қабатынан секіріп кетті

Мәскеудің орталығындағы қымбат қонақүйде ресейлік әйелмен бірге демалып жатқан германиялық турист балконнан секіріп, ауруханаға түсті. Бұл туралы Mash Telegram-каналы жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, 42 жастағы неміс Мартин Вайнерт 27 жастағы Ольгамен бірге бес жұлдызды қонақүйге тоқтаған.

Түнде ерлі-зайыптылар алкоголь ішіп, қонақүйдің төбесіне көтерілген, ал таңертең турист парапеттен 12-қабаттан секіріп, техникалық балконның 10-қабатына құлады.

Салдарынан Германия тұрғыны ми жарақатымен ауруханада жатыр. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.