Камбоджа вакцина салдырған туристерге шекараны ашуы мүмкін

Камбоджада шетелдік саяхатшылар үшін шекараны ашу жоспары талқылануда. Вакцина салдырған туристерге басымдық беріледі, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Flightglobal.com басылымына сілтеме жасап.

Камбоджаның туризм министрі Тонг Хон патшалықта жергілікті тұрғындарды, оның ішінде туристік сала өкілдерін вакцинациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, ал бекітілген пункттерде вакцина салдырған туристерді қауіпсіз қабылдау үшін жағдайлар жасалатынын айтты.

Вакцина салдырған туристер 14 күндік карантиннен өтуі керек пе, жоқ па - ол туралы ақпарат жоқ.

"Біз вакцина салдырған шетелдік туристерді 2021 жылдың төртінші тоқсанында қабылдауға бар күшімізді саламыз", - деді туризм министрі.

Ол провинциялар арасындағы сапарларға рұқсат етілетінін, қазір бұл үшін барлық күш салынатынын атап өтті.

30 наурызда Камбоджаның премьер-министрі Самдеч Техо Хун Сен туризмді қалпына келтірудің 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасын бекітті, ал вакцина салдырған туристер үшін шекаралардың ашылуы туризмді қалпына келтіру жоспарының алғашқы кезеңі болады.