Мас жүргізуші 5 айлық баласы бар туристер отбасын қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: dailymail.co.uk Фото: dailymail.co.uk

Испанияның Ланзароте аралында ұлыбританиялық мас күйінде көлік тізгіндеп, бес айлық баласы бар туристер отбасын қағып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Испанияның Ланзароте аралында ұлыбританиялық мас күйінде көлік тізгіндеп, бес айлық баласы бар туристер отбасын қағып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 11 наурызда сағат 18:30 шамасында Плайа Бланка курортында болды. 23 жастағы шетелдік әйел мас күйінде көлікке отырып, тротуарға шығып кетіп, өтіп бара жатқан адамдарды қаққан.

Салдарынан 6 турист зардап шекті. Оның ішінде Швециядан келген анасы мен қызы, сондай-ақ ұлыбритантялық отбасы да бар. Апаттың кесірінен бес айлық бала қаза тапты, оның әкесі мен әжесі ауыр жарақат алды. Қазір зардап шеккендердің барлығы ауруханада жатыр.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі әйел көлік басқаруда қиындықтар туындағанын айтып құтылмақшы болды. Дегенмен сараптама нәтижесіне сәйкес оның ағзасында алкоголь мен есірткі белгілері анықталған.

Айта кетейік, қазір әйел қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная