Мас жолаушы стюардессаға қырындап, айыппұл арқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Ұшақта мас жолаушы стюардессаға қауіпсіздік белбеуін тағып беруді ұсынып, салдарынан қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұшақта мас жолаушы стюардессаға қауіпсіздік белбеуін тағып беруді ұсынып, салдарынан қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Daily Mail мәліметінше, 37 жастағы Роберт Шелдон сол сәтте қатты мас болған, алайда абақтыдан құтылды.

"Бристоль сотының үкімімен Шелдон 18 апталық шартты мерзімге сотталды және алты айлық алкогольдік тәуелділіктен емделуге жіберілді. Сондай-ақ, оған стюардессаға 650 фунт стерлинг (шамамен 357 мың теңге) өтемақы төлеу міндеттелді. Стюардесса жолаушы тарапынан сексуалдық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтқан. Сонымен қатар, ол 350 фунт (шамамен 193 мың теңге) сот шығындарын өтейді.

Тергеу мәліметінше, оқиға былтыр жазда болған. Шелдон Түркиядан Бристольге ұшып, рейске дейін Duty Free-ден жарты бөтелке арақ ішкен.

Рейс аяқталғанға 20 минут қалғанда стюардесса Шелдоннан қауіпсіздік белдігін тағуды сұраған кезде, ол: "Егер, мұны сіз жасасаңыз ғана", - деп жауап берген.

"Мас ер адам ұшақта тәртіп бұзған, сондай-ақ тағы бір стюардессаның мықынынан ұстап алған. Сосын ол аяғын дәлізге шығарып, тағы бір бортсерікті шалып құлатпақ болған. Сотта ол өз кінәсін толығымен мойындап, өмірінің қиын кезеңін өткеріп жүргенін айтқан", - дейді дереккөз.

Расымен де, оның денсаулығы нашарлап, қиын ота жасалу керек болған. Сот осы деректерді ескеріп, үкім шығарған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная