Жер-жаһан 09 қаңтар 2021 10:21

Малышева COVID-19-ға қарсы вакцинаны кімдерге алу маңызды екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Азиз Аль Сауд коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алады. © Reuters Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Азиз Аль Сауд коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алады. © Reuters

Дәрігер және тележүргізуші Елена Малышева өзінің Instagram-ында коронавирусқа қарсы вакцинацияны кімдер егуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігер және тележүргізуші Елена Малышева өзінің Instagram-ында коронавирусқа қарсы вакцинацияны кімдер егуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, семіздік пен қант диабеті бар адамдарға вакцинация көбірек қажет.

"Әсіресе 50 жастан асқандар үшін. Олардың ауруханаға және реанимацияға түсу қаупі басқаларға қарағанда екі есе жоғары. Коронавирустан өлу қаупі 50 пайызға жоғары", - деп жазды "Жить здорово" бағдарламасының жүргізушісі.

Сондай-ақ, дәрігер коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация 65 жастан асқан адамдар үшін өте маңызды деп санайды.

"Ауру қаупі өте қиын және коронавирус инфекциясынан қайтыс болу қатері олардың жасында ең жоғары", - деп түсіндірді ол.

Малышева вакцинация балаларға қажет емес екенін атап өтті, өйткені олар "көбіне ауырмайды және коронавирустан өлмейді", ересектерді де сирек жұқтырады. Дәрігердің ойынша, COVID-19-бен ауырып шыққан адамдарға да вакцина қажет емес.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!