26 шілдеден бастап Мальдив аралдарына кіру ережелері өзгерді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.
25 шілдеде Мальдив Республикасының билігі коронавирус инфекциясына ПТР-тестінің теріс нәтижесінің әрекет ету уақытын 72 сағатқа дейін қысқартты. Кезең биологиялық материал алынған сәттен бастап ұшуға дейін есептеледі.
Еске салайық, бұған дейінгі мерзім 96 сағат болатын. ПТР-тест, тіпті, коронавирус инфекциясын жұқтырып, аурудан жазылған, вакцинаның толық курсынан өткен адамдар үшін де қажет. Егер әуежайда күту уақыты 24 сағаттан асса, транзиттік жолаушылар қайтадан талдау жасауы керек.
Ереже 12 айдан кіші балалардан, аралдардың тұрғындары мен азаматтарынан, сондай-ақ жұмысқа рұқсаты бар келушілерден басқа барлық жолаушыға қолданылады. Қаулы ресми порталға қойылды, онда келушілер ұшу алдында "саяхатшының денсаулығы туралы декларацияны" толтыруы керек.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!