Мальдив аралдары вакцина салдырған туристен ПТР-тестін қайта талап етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Мальдив билігі елге кіру талаптарын қайта қарады. 2021 жылдың 3 мамырынан бастап Мальдивке келген барлық саяхатшы, соның ішінде вакцинация салдырғандар да ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсетуі керек, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АТОР сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мальдив билігі елге кіру талаптарын қайта қарады. 2021 жылдың 3 мамырынан бастап Мальдивке келген барлық саяхатшы, соның ішінде вакцинация салдырғандар да ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсетуі керек, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АТОР сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау агенттігі басшысының 30 сәуірде қол қойған бұйрығына сәйкес, Мальдивке келген барлық саяхатшы рейстің ұшуынан 96 сағат бұрын алынған ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсетуі керек. Тек 1 жасқа дейінгі балаларға бұл талап қойылмайды.

Еске салайық, 21 сәуірде қаулыға өзгертулер енгізілген болатын. Оған сәйкес елге ПТР-тест көрсетпей кіруге рұқсат етілген. Осылайша, 3 мамырдан бастап Үкіметтің 20 сәуірден бастап күшіне енген шешімі күшін жояды. Күшін жойған қаулы вакцина салдырған туристерге Мальдивке ПТР-тестін ұсынбай келуге мүмкіндік беретін еді.

Мальдив туризм кеңсесі Туризм министрлігінің осындай бұйрығының (циркулярының) бар екенін растады. Онда жаңа шараның қашанға дейін қолданылатын мерзімі көрсетілмеген.

Бұған дейін Мальдив аралдарына келген туристерге коронавирусқа қарсы екпе ұсынылатыны хабарланды. Бұл шара жаппай вакцинациялаудың үш кезеңдік науқаны аясында қолға алынды.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная