Махачкала әуежайындағы тәртіпсіздіктерден кейін шығын есептеліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Тәртіп сақшылары Махачкаладағы Уйташ әуежайына келген шығынды бағалауға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Тәртіп сақшылары Махачкаладағы Уйташ әуежайына келген шығынды бағалауға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, наразылық білдірушілер ақырындап тарап жатыр. Әуежай айтарлықтай зақымданған. Қоймалар қирап, дүкендер тоналды деген хабар бар. Мамандар шығынды таңға дейін бағалайды.

Бүлік салдарынан барлығы 20 адам зардап шеккен, олардың 10-ы ауруханада жатыр, екеуінің жағдайы өте ауыр.

Бұған дейін он шақты зардап шегуші болғаны хабарланған болатын - қауіпсіздік күштерінен алты адам және төрт бейбіт тұрғын. Дағыстан басшысы мәлімдеме жасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дағыстан әуежайында Тель-Авивтен шыққан ұшақтың қонуына байланысты тәртіпсіздіктер басталған болатын. Жергілікті биліктің мәліметінше, ұшақта Израиль азаматтары болмаған. Ашынған халық төлқұжаттарын тексеру үшін адамдарға шабуыл жасамақ болды, содан кейін наразылық білдірушілер ұшу-қону жолағына күшпен шығып кеткен.

Рейстегі жолаушылар қауіпсіздікке байланысты бірнеше сағат бойы ұшақтардан шыға алмаған. Қонуға үлгермеген ұшақтар көрші елдердің әуежайларына жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная