Мадейра шетелдік туристер үшін "жасыл" дәліз ашты

Мадейра Португалия аймақтарынан алғаш болып шетелдік туристер үшін "жасыл дәліз" ашты. Архипелаг әлемнің түрлі елінен келетін халықаралық саяхатшыларды COVID-19-ға қарсы вакцинация салдырған-салдырмағанына қарамастан қабылдауға дайын, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АТОР басылымына сілтеме жасап.

Мадейраға келу ережелері мынадай: барлық жолаушы елге қонғанға дейін 12-48 сағат бұрын madeirasafe.com платформасындағы сауалнаманы толтыруы керек. Сауалнама 12 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, барлық саяхатшылар үшін міндетті. Балаларды еріп жүретін ересек адамның сауалнамасына қосып тіркеу керек.

Madeirasafe.com сайтында тіркелу аяқталғаннан кейін жолаушының электрондық поштасына кіру коды және тиісті QR коды бар хабарлама түседі. Бұл деректерді Мадейра әуежайына келген кезде көрсету керек.

Мадейраға келетін туристерден вакцина талап етілмейді. Тек олар елге кіргенге дейін 72 сағат бұрын ПТР-тест тапсыру керек. Оның нәтижесі теріс болмаса, алаңсыз келуге болады.