Лос-Анджелесте карнавалға жиналған адамдарды көлік қағып кетті. Алты адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Мир24.
"Көшедегі карнавалда жиналған жұртты көлік қағып кетті. 30-50 жас аралығындағы алты науқас медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың алған жарақаттары өмірге қауіп төндірмейді", - делінген хабарламада.
Los Angeles Times газеті мәліметінше, оқиға кезінде көшеде жүздеген адам болған. Ақ түсті Porsche жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!