Лондон - тамаша қала, сонымен қатар әлемнің бүкіл саяси элитасы ғана емес, бизнесмендер ұмтылатын әлемдегі ең қымбат мегаполистің бірі. Лондонда саяхаттау - көне заманмен, терең тарихпен, сондай-ақ бүгінгінің жетістіктерімен байланыста болу мүмкіндігін береді.
Лондон қонақүйлері сізді кез келген қалааралық турист үшін жеткілікті жоғары қызмет көрсету деңгейімен таңғалдырады.
Лондон бес халықаралық әуежайы мен үлкен порты бар халықаралық көлік торабы. Англия астанасы әлемдегі ең ірі авиациялық орталық болып саналады және оның негізгі әуежайы Хитроу басқа әуежайларға қарағанда халықаралық және ішкі жолаушыларға көбірек қызмет көрсетеді.
Лондон ғасырлар бойы туристердің сүйікті орны. Мұнда көптеген көрікті жерлер мен ескерткіштер бар. Бұл жерден Парламент үйлері, Тауэр көпірі, Лондон мұнарасы, Вестминстер аббаттығы, Букингем сарайы және Темза жағалауындағы атақты Лондон "көзін", сондай-ақ Ұлттық мұражай мен Британ мұражайы сияқты әйгілі орындарды көре аласыз.
Лондонға саяхаттау үшін виза керек
Лондонға виза алу үшін құжаттар пакетін толтыру қажет. Елшіліктің сізге рұқсат беруі құжаттардың қаншалықты дұрыс толтырылғанына байланысты. Онлайн сауалнама толтыру кезінде қате жібермеу маңызды. Сауалнаманы мына жерден толтыруға болады.
Виза үшін:
• Жарамды төлқұжат;
• Бұрынғы визалардың көшірмелері (бар болса);
• Онлайн сауалнаманы толтыру керек. Бұл жерде сіз жеке ақпараттарыңызды толтырып, берілген сұрақтарға ағылшынша жауап бересіз;
• Қонақүйді брондау (мына жерден брондауға болады);
• Әуе билеттерін екі жаққа брондау;
• Лауазымы, жалақысы және жұмыс кезеңі көрсетілген компанияның бланкісінде жұмыс орнынан анықтама (ағылшын тілінде немесе ағылшын тіліне аударылған);
• Компанияның бланкісінде соңғы 6 айдағы жалақы туралы анықтама (ағылшын тілінде немесе ағылшын тіліне аударылған);
• өз кәсібінің иелері үшін: жеке кәсіпкерді немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу туралы анықтама, салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама (ағылшын тілінде немесе ағылшын тіліне аударылған);
• Оқушылар мен студенттер үшін: оқу орнынан анықтама (ағылшын тілінде немесе ағылшын тіліне аударылған);
• Зейнеткерлер үшін: зейнетақы куәлігі (ағылшын тілінде немесе ағылшын тіліне аударылған);
• Тұру күніне 100 еуро мөлшерінде қаражаттың болуы туралы банктен анықтама (ағылшын тілінде немесе ағылшын тіліне аударылған);
• кейінгі 6 айдағы шот бойынша үзінді көшірме;
• Жеке құжаттардың көшірмелері: неке/ажырасу туралы куәлік, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі (ағылшын тілінде немесе ағылшын тіліне аударылған);
Туристік виза 116 доллардан басталады және тапсырғаннан соң кем дегенде 15 күн ішінде беріледі. Егер жедел виза алғыңыз келсе 956 фунт стерлинг төлейсіз. Бірақ оның жеңілдетілген түрі (квота) бар. Оның саны шектеулі. Бағасы 250 фунт стерлинг. Жеңілдетілген түрін алу үшін таңғы 06:00-дан бастап сауалнама тотырылған сайтты жаңартып отыру қажет. Жедел виза 5 күн ішінде беріледі.
Букингем сарайы
Лонданда саяхаттау қымбат па?
Ұлыбритания астанасын әлемдегі ең қымбат қалалардың бірі дейді. Дегенмен, ізденімпаз әрі тәуелсіз турист үшін Лондонда тиімді де тамаша уақыт өткізу қиынға соқпайды. Ол үшін сіз метро мен автобуста жүретін карта сатып алсаңыз болады.
Сондай карталардың бірі - Oyster Card. Бұл метро, автобус, трамвай, пойыз, су автобустары мен аспалы көліктерге арналған электронды әмиян. Бұл картамен саяхаттау билеттерді қолма-қол төлеуден екі есе арзан. Картаның өзі 7 фунт стерлинг тұрады.
© sv.blazetrip.com
Қайдан сатып алуға болады?
Oyster картасын онлайн режимінде (егер сіз Ұлыбританияда болсаңыз), арнайы сауда нүктелерінен, Tube, Skytrain және TfL теміржол станцияларында, таңдаулы DLR және Ұлттық теміржол станцияларында, туристік ақпарат орталықтарында және Кройдондағы Tramlink кеңсесінде сатып алуға болады.
Картаны жоғарыда аталған сауда нүктелерінде, фирмалық билет автоматтарында, аспалы көлік терминалдарында, сондай-ақ iOS және Android үшін қолжетімді ресми мобильді қосымша арқылы толтыруға болады.
Oyster картасы жеке емес және оны басқа адамға беруге болады, бірақ екі адамның бір картаны бір уақытта пайдалануына болмайды.
Бұл картаның бір күндік немесе бір апталық тарифтері бар. Зоналарға қарай бір күнге 5,20 фунт стерлинг, бір аптаға 20,90 фунт стерлинг төлейсіз.
Лондон арзан қала емес екеніне қарамастан, мұнда көптеген қалалық турлар тегін. Келесі ұйымдар қаламен мүлдем тегін танысуды ұсынады: Footprints tours, Free London walking tours, Free tours of London Sandeman’s New Europe Tours, Alternative London ұйымдарының сайттарында кесте мен нақты мекенжайды таба аласыз.
© planetofhotels.com
Тегін мұражайлар
Сіз қазір таңғалуыңыз мүмкін, бірақ Лондонның мемлекеттік мұражайларына кіру тегін.
Лондонның бұрын қандай болғанын білу үшін уақыт машинасының болуы міндетті емес - жай ғана осы мұражайға келіңіз және қаланың көп ғасырлық тарихында басынан өткен өзгерістерді көрсететін тамаша экспозицияны көріңіз.
Ұлттық галереядағы Ванг Гог картинасы
Ұлттық галерея. Ұлттық галерея 1856 жылы ашылған, содан бері залдарында аты аңызға айналған шеберлердің әсерлі картиналарын жинаған. Мысалы, дәл осы жерден Шекспирдің әйгілі портреті мен Клод Моненің, Ванг Гогтың картиналарын тамашалауға болады.
Виктория мен Альберт мұражайы. Тағы бір рекордты мұражай. Бұл әлемдегі ең үлкен өнер және дизайн мұражайы және 3000 жылдан астам тарихтың керемет жәдігерлерін жинаған. Тұрақты көрмеден басқа, мұражайда кез келген адам қатыса алатын ашық дәрістер мен семинарлар жиі өткізіледі.
Лондондағы базарлар, саябақтар, трансфер, байланыс және тағы басқа мәліметтерді білу үшін massaget.kz порталы дайындаған материалдан оқи аласыздар.