Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Лондон мен Ұлыбританияның оңтүстік-шығысындағы өңірлерде коронавирустың жаңа, тез тарайтын түріне байланысты қатаң шектеу шараларын қабылдады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сенбіде пайда болуы мүмкін деген респираторлық вирус қауіптері туралы кеңес кезінде Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа түрі тез таралатынын және халыққа одан да сақ болу керегі айтылды. Премьер-министр Борис Джонсон қатысқан шұғыл баспасөз мәслихатында елдің бас дәрігері Крис Уитти және Ұлыбритания үкіметінің ғылыми мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі Патрик Вэлланс вирусқа қатысты жаңа мәліметтерді хабарлады.
"Коронавирустың жаңа түрі расында тез тарап жатыр", - деді Уитти.
Крис Уитти мен Патрик Вэлланстың сөзінше, вирустың жаңа түрі, алдын ала болжам бойынша, 70 пайыз тез жұғуы мүмкін, бірақ өлім немесе ауруханаға жатқызу бойынша қауіп жоқ.
Жаңа және пайда болуы мүмкін респираторлық вирус қауіптері жөніндегі консультациялық кеңес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына болып жатқан оқиғалар туралы және ғалымдар келіп түскен деректерді талдауды жалғастырып жатқанын хабарлады.
Вирус жұқтырғандар санының өсуіне және вирустың жаңа түрінің пайда болуына байланысты Джонсон Лондон мен елдің оңтүстік-шығысында Рождество мерекесіне қатаң шектеулер енгізуге, сондай-ақ жағдайы жақсы аудандарда қосымша шектеулер енгізуге мәжбүр болды. Бұған дейін премьер-министр 23-27 желтоқсан аралығында бүкіл ел бойынша шектеу жеңілдетілетініне, адамдар ел бойынша еркін жүріп, Рождествоны отбасында үйде атап өтеді деп уәде берген болатын.
"Төртінші деңгейдегі шаралар ұлттық локдаунға ұқсас болады. Рождествода басқа отбасымен кездесуге тыйым салынады", - деді Джонсон.
Азық-түлік сатылмайтын дүкендер, спорт залдары мен шаштараздар қайтадан жабылады, адамдарға үйде көп уақыт өткізу ұсынылды. Бір адаммен және тек таза ауада кездесуге рұқсат етіледі.
Өзгерістер жексенбі таңертең күшіне енеді және кем дегенде екі аптаға созылады. Шектеу 30 желтоқсанда қайта қаралады.
Ұлыбританияның коронавирус аз тараған аймақтарында екі отбасы бірігіп Рождество мерекесін тойлауына рұқсат берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!