Еуропадан 100-ден аса турист Ливияға соңғы 10 жылда алғаш рет келді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Сапар туризм және қолөнер министрлігінің қолдауымен және туристік компаниямен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
Global Times басылымының мәліметінше, қонақтар Ливияға көрші Тунистен құрлық шекарасы арқылы келді. Олар Ливияның солтүстік-батысындағы Гадаместен елдің тарихи елді мекендеріне 12 күндік сапар жасауы керек.
Тур бағдарламасы бірнеше қала бойынша экскурсиялық маршрутты, соның ішінде Триполи мен Сабратты, шөлдегі аялдаманы, мемлекеттің мәдениеті, салт-дәстүрлерімен танысуды, сондай-ақ музыкалық және фольклорлық фестивальдерге баруды қамтиды.
Еуропалық қонақтарды қабылдайтын жергілікті Murcia Travel and Tourism Company компаниясының өкілдері бағдарламаны дайындауға және маршрутты үйлестіруге шамамен 4 ай кеткенін айтты. Болашақта туристерді көптеп қабылдау және мемлекетке турлар бойынша ұсыныстарды кеңейту күтілуде.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!