Зерттеушілер ойламаған жерден Литваның ең ұзын көлінен 9 метр тереңдіктен жауынгер денесінің қалдықтарын тапты. Қазір ғалымдар тапқан табыстарын зерттеп, осы адамның тарихын анықтамақ, - деп хабарлайды livescience.com.
Ортағысырлық жауынгердің денесі 500 жыл бұрын литвалық көлдің түбіне түскен. Ғалымдар құм мен топырақтың астында қалған денені тапты
Асвяя көлі - Литваның ең ұзын көлі, оның ұзындығы 30 шақырымға жуықтайды. Ғалымдар 20 жылдан аса уақыт бойы археологиялық әдіспен оның түбін зерттеп келеді. Асвяя түбінен бұрындары қайық пен Ескі Дубингяй көпірінің бағандары табылған. Сондай-ақ, су астынан XVI-XVII ғасырлардың артефакттар табылған. Алайда ғалымдар бұл жерден алғаш рет адам қалдықтарын тапты.
Ғалымдар денені зерттей келе, оның ер адам екені және ол XVI ғасырда өлді деген шешімге келген. Әзірге оның неден қайтыс болғаны белгісіз. Оның әскери адам екеніне оның жанынан табылған қару себеп болған.
Археологтар адам денесінің жанынан табылған заттардың жақсы сақталғанына таңырқаған. Сүңгуірлер су түбінен өкшесі бар былғары етіктерді, былғары белдіктер, темір қылыш және екі қанжар тапқан.
Қазіргі уақытта табылған заттарды Вильнюсс университетінің көпсалалы командасы зерттеп жатыр. Ғалымдар бір жыл ішінде ортағасырлық жауынгердің толық өмірбаянын құрастырмақ. Зерттеулер аяқталған соң заттар Литваның ұлттық музейіне жіберіледі.