Лайфхак: Еуропаның 33 елін 188 долларға қалай аралауға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Pexels @Pexels

Еуропаны пойызбен саяхаттау ұшаққа қарағанда әлдеқайда арзан. Сонымен қатар, пойыздар көп кешікпейді және туристер үшін қолайлы ұсыныстар мен жеңілдіктер бар, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еуропаны пойызбен саяхаттау ұшаққа қарағанда әлдеқайда арзан. Сонымен қатар, пойыздар көп кешікпейді және туристер үшін қолайлы ұсыныстар мен жеңілдіктер бар, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Саяхат туралы Traveloffpath.com сайтының мәліметінше, Еуропадағы туристерге Eurail Pass билеті қолжетімді. Ол Еуропалық Одақтың (ЕО) 33 еліне және Түркия мен Сербия сияқты ЕО-ға кірмейтін екі елге шексіз сапарларға құқық береді.

Белгілі бір уақыт ішінде турист елден елге пойызбен шексіз жүре алады. Сонымен қатар, 12 жастан 27 жасқа дейінгі саяхатшылар жол жүру мерзіміне қарамастан 25 пайыздық жеңілдік алады. Мысалы, эконом-класта бір айда төрт күндік жол жүруге жастар үшін төменгі баға - 188 доллар. Максималды баға - екі айға 15 күндік сапар - сәйкесінше екінші және бірінші класта - 376 және 502 доллар.

28-59 жас санаттары үшін бірдей санаттағы билеттер екінші класқа 250 доллар, ал бірінші класқа 334 доллар бір ай ішінде төрт күн, ең көбі екі ай ішінде 15 күн - 502 және 669 доллар. 60 жастан асқан туристер үшін де жеңілдік бар.

Ұзақ сапарларға да билеттер бар. 15 күн қатарынан шексіз саяхат - екінші және бірінші класты вагондарға 338 және 451 доллар. Жол жүрудің ең ұзақ мерзімі - үш ай.

Eurail жол жүру ақысы кейбір елде автобус және пароммен жүру үшін де жарамды. Қатысушы көлік операторларының толық тізімін мына сілтемеден табуға болады. Абонемент мына жерден сатып алуға болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная