15 қаңтардан бастап Латвияға кіру үшін елге келмей тұрып 72 сағат бұрын тапсырылған COVID-19-ға ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсету қажет, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы АТОР басылымына сілтеме жасап.
Алайда бұл ережелер 11 жасқа дейінгі балаларға, туристерге, COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандарға, сондай-ақ көлік компаниясының жұмысшыларына, теңізшілерге және дипломаттарға қатысы жоқ.
Коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы тасымалдаушыларға да көрсету керек, әйтпесе сізді бортқа жібермейді.
15 қаңтардан бастап Эстонияға да кіру үшін теріс ПТР-тесті туралы анықтама қажет екенін ескеріңіз. Мұндай талап Литваға кіру ережелерінде де бар.
Литваға COVID-19 инфекциясы жоғары елдерден келгендер кіруге дейін 48 сағат бұрын алынған коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесін беруі немесе келгеннен кейін 24 сағат ішінде ПТР тестінен өтуі керек. Әйтпесе, олар 10 күн бойы оқшаулануға жіберіледі.
Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.