Қызыл теңіздің суы туристердің зәресін алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com/rozum © elements.envato.com/rozum

Хургадада туристердің зәресін алған табиғат феномені бойынша жергілкті биологтарға түсіндірме беруге тура келді. Қызыл теңіз жағасындағы курорттың кей жағажайлары ал қызыл түске боялды. Алайда мамандардың сөзінше, бұл шошитындай құбылыс емес, керісінше екен", - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Хургадада туристердің зәресін алған табиғат феномені бойынша жергілкті биологтарға түсіндірме беруге тура келді. Қызыл теңіз жағасындағы курорттың кей жағажайлары ал қызыл түске боялды. Алайда мамандардың сөзінше, бұл шошитындай құбылыс емес, керісінше екен", - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында Қызыл теңіз провинциясындағы табиғи қорықтар бөлімінің директоры, доктор Тамер Камал су түсінің өзгеру себебі - қызыл түсті коррал рифтерінің белсенділігінен болған. Нақты айтқанда олардың ұрық шашуынан, корралдардың көбею маусымы жыл сайын сәуір аяғы мен мамыр басына келеді.

"Корралдардың миллиондаған қызыл түсті жұмыртқасы суға шығады, сондықтан олардың шоқ болып тұрған жерлерінде су қою қызыл көрінеді. Ал судың түсі өзгеретіндей коррал ұрықтары шашылса, бұл жақсы белгі. Өйткені корралдар жойылып кетпей, келесі ұрпақ та оны тамашалай алады деген сөз", - дейді маман.

Сонымен қоса, маман коррал рифтері Қызыл теңіз биологиясы үшін өте маңызды екенін атап өтті. Ал кей туристер судың қызарғанынан қорықпақ түгілі, сирек кездесетін бұл құбылысты тамашалау үшін арнайы келетін көрінеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная