Қызды ұрды: Жапонияда туристің әрекеті жаға ұстатты

Франциялық турист Жапонияда қызды ұрып-соғып, полицияға ұсталды. Оқиға Токионың адам көп жүретін аудандарының бірінде болды. Ер адам оқиғаның қалай болғаны есіне түспейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Yahoo news мәліметінше, Франциядан келген турист қызға шабуыл жасағаны үшін қамауға алынды.

"Токионың адам көп жүретін ауданы - Роппонгиде жаға ұстарлық жағдай болды. Франция азаматы Чарли Эван достарымен бірге дәмханадан шығады. 23 жастағы ер адам көшеде 20 жастағы қызбен соқтығысып қалады және қыз таңғы ас салынған контейнерін төгіп алады. Мұның соңы төбелеске әкелді", - деп жазады басылым.

Видеода Эван қашқысы келіп тырысқанын, бірақ қыз оның жағасынан ұстағанын көруге болады.

"Содан кейін Эван әйелді бетінен жұдырықпен ұрады, ол жерге құлап, турист қашып кетеді. Адамдардың Эванды ағылшын тілінде айқайлап, ұрысып жатқаны естіледі, ал туристің артынан қара киім киген тағы бір адам жүгіреді", - деп толықтырады дереккөз.

Кейіннен Эван ұсталып, қамауға алынды. Ер адамның айтуынша, жағдай оның есінде жоқ.

"Менің есімде жоқ", - деген турист.

БАҚ туристің мас күйінде болғаны белгісіз деп жазады. Эванға әлі ресми айып тағылған жоқ, бірақ бұл үш апта ішінде болуы мүмкін: жергілікті заңдарға сәйкес, күдіктілер айып тағылғанша 23 күнге дейін қамауда ұсталуы мүмкін.

Ресурс агрессив адамға қандай жаза қауіп төндіретіні белгісіз екенін қосады. Зардап шеккенге келетін болсақ, басылымның хабарлауынша, қыздың жағдайы тұрақты, бірақ толық қалпына келу үшін кем дегенде үш апта қажет.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!