Сурреядан келген ұлыбританиялық турист 2019 жылы қашықтан оқу кезінде саяхаттауға кетті және содан бері айына 10 мың фунт (5,5 миллион теңге) табыс тауап отыр. Бұл туралы Daily Star жазады.
22 жастағы Луиза Труманның айтуынша, пандемия кезінде ол онлайн режимде оқуға ауысып, маркетолог ретінде қашықтан жұмыс табады. Бұл оған әлемнің кез келген нүктесінен - Коста-Рика, Танзания, Таиланд, Перу, Оңтүстік Кореядан жұмыс істеуге және жақсы ақша алуға мүмкіндік берді.
Оның сапарынан видеолар TikTok желісінде миллиондаған қаралым жинай бастады. Нәтижесінде Труманға түрлі компаниядан келісімшарт ұсыныстары түсті. Ұлыбританиялықтың айтуынша, ол ондаған мың фунт стерлинг табуды үйренді.
"Мен ешқашан мұндай көп ақша көрген емеспін. Бұл жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!