Қыз бизнес-класқа билет алудан бас тартқан жігітін тастап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Қыз сапар алдында әуежайда өзін "қорлаған" жігітімен қарым-қатынасын үзді. Бұл туралы Daily Star басылымы Reddit-тегі хабарламаға сілтеме жасап жазады.


Иконка комментария блок соц сети

Қыз сапар алдында әуежайда өзін "қорлаған" жігітімен қарым-қатынасын үзді. Бұл туралы Daily Star басылымы Reddit-тегі хабарламаға сілтеме жасап жазады.

Басылым мәліметінше, аты аталмаған саяхатшы жігіті және оның туыстарымен бірге Мексикаға демалуға баруды жоспарлаған. Алайда, әуежайда жас жігіттің ата-анасы отбасына бизнес-класқа билет алғаны белгілі болды, ал қыздың билеті эконом-класқа болған.

Қыз рейске тіркелу кезінде жігіті мен туыстары оны жалғыз қалдырғанын айтты. Жігіті оның жүгін де көтермеген.

"Оның анасы мені ұнатпайды. Әуежайда ол менің көңіліме тиетін сөздер айтты. Менің ата-анам жұмысшы тапқа жататындықтан, мен эконом-класта ұшуым керек екен", - деп ашуланды турист.

Сөйтіп, қыз әуежайда жігітімен айырылысып, үйге жалғыз оралды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная