Бейжің қаласындағы халықаралық Дасин әуежайы "Доксури" супертайфуны салдарынан зардап шекті. Ұшу/қону алаңы мен ұшақтар тұрағы су астында қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Sky News телеарнасың сайтында су басқан әуежайдың видеосы жарияланды. Әуеайлақты су басу бұрын-соңды болмаған әрі таңғажайып жағдай. Соның салдарынан жаппай рейстер кешігіп, мыңдаған адам Қытай астанасынан ұша алмады.
Қытайда осы тайфун салдарынан 20-дан аса адам қаза тапты. Теміржол станциялары жабылды. 52 мыңнан аса адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қауіптің беті қайтар емес. Өйткені бірнеше күн ішінде рекордтық жауын жауған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!