Қытайда коронавирус қайта өршіп жатыр

Қытайда коронавирус қайта өршіп, елде кейінгі тәулікте 115 науқастан коронавирус анықталып, 38 науқас коронавирустың 19 симптомсыз түрін жұқтырған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайдағы коронавирус жағдайы туралы Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетте айтылды.

Дереккөз мәліметінше, 115 науқастың 8-і сырттан келгендер болса, 107-сі - жергілікті тұрғындар.

Пандемия басталғалы Қытайда 87 706 адамнан коронавирус анықталып, 82 288 адам жазылған. 4 634 науқас қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!