Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қытайлық Үрімшідегі консулдықта қазақстандық визалар сатылып жатыр деген қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Журналистер СІМ өкілінен Үрімшідегі қазақстандық консулдықта виза алу үшін кезек орындары делдалдардың көмегімен сатылып жатыр деген мәліметке қатысты пікір білдіруін сұрады.
"Мәселе айлықта емес. Карантиндік шектеулер аяқталған соң Қытаймен шекарамыз ашылды және азаматтардың ағыны еселеніп көбейді. Сондай-ақ Қазақстанды көргісі келетін этникалық қазақтардың да саны көбейді. Олар этникалық қазақ болғанымен, Қытай азаматы екенін ұмытпау керек, яғни оларға визасыз екі аптаға Қазақстанға келуге рұқсат етілген. Алайда олар Үрімшідегі консулдыққа барып виза алғысы келеді. Адам саны өте көп. Ал біздің консулдықта мамандар аз, ондайға есептелмеген", - деді Айбек Смадияров.
СІМ өкілінің айтуынша, этникалық қазақтардың көмегімен электронды кезек құрылған, оған консулдық қызметкерлерінің еш қатысы жоқ.
"Онда кезек автоматты түрде онлайн-режимде шығады, барлығы көре алады", - деді ол.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!