Жер-жаһан 12 ақпан 2024 19:59

Қытайда ер адам әлемдегі ең үлкен Будда мүсініне дәрет сындырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Қытайдың Лэшань қаласында үлкен жанжал болды. Жергілікті заңға бағынбаған туристің басы дауға қалды. Ол әлемдегі ең үлкен Будда мүсініне дәрет сындырды деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Yahoo News мәліметінше, ер адам ешкімге көрінбестен, қоршаудан секіріп өтіп, алып мүсіннің жоғары жағына көтерілген. Осыдан кейін Будданың басына шығып, жүздеген туристің алдында дәрет сындыра бастаған.

Күзетшілер ер адамды ұстап алып, полицияға тапсырды. Қазір ол медициналық тексерістен өту үшін психиатриялық ауруханаға жіберілді. Егер оның ақыл-есі дұрыс екені анықталса, қаскөй сот алдында жауап береді.

Аталмыш мүсін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне кіретінін айта кету керек.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!