Қытайда аспалы көпір аударылып, туристер 36 метр биіктікте салбырап қалған - видео

Желіде Қытайда түсірілген видео тарала бастады. Онда аспалы көпірге шыққан туристерге қауіп-қатерге тап болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі South China Morning Post басылымының ресми Instagram аккаунтына сілтеме жасап.

Аталмыш видео әлеуметтік желі қолданушыларының назарына бірден түсіп, ғаламторда жаппай тарала бастады. Орталық Қытайдағы туристік орындардың біріндегі аспалы көпір аударылып, салдарынан бірнеше саяхатшы белгілі бір уақыт салбырап тұруға мәжбүр болды. Көпірдің биіктігі - 36 метр екенін ескерсек, туристер өте қорқынышты жағдайға тап болғаны анық. Жергілікті БАҚ мәліметіне сәйкес туристер экскурсияға дейінгі қауіпсіздік ережелері құлақ аспаған көрінеді. Әкімшілік көпірді шайқауға қатаң тыйым салған екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от South China Morning Post (@scmpnews)

Видео 126 мың рет қаралды. Әлеуметтік желі оқырмандары "туристердің жауапсыздығына"ашуланды.

"Оларға обал жоқ. Туристер осы оқиғадан сабақ алады, ал кінәлілер жауапқа тартылады деп үміттенемін", "Неге ескерту жасалса да, олар құлақ аспады?"- деп пікір білдірді олар.

Жергілікті БАҚ оқиғаның нақты қайда және қашан болғаны туралы ақпарат таратпады. Қуанышқа орай, арада бес минут өткен соң барлық турист құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!