Қытайда құрастырылған жолаушылар ұшағы 28 мамырда Хунцяодан Бейжіңге алғашқы коммерциялық рейсін жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі АР басылымына сілтеме жасап.
Жаңа ұшақпен 130 адам сапарлады. Рейсті China Eastern Airlines әуе компаниясы орындады, ал ұшақ бортында: "Әлемдегі бірінші C919" деп жазылған екен. 16 жылдан бері құрастырылып келген C919 ұшағы 5630 шақырымға дейін ұшады және бортына 168 жолаушыға дейін отыра алады.
Авиалайнерді жасаушы COMAC компаниясы - жаңа ұшақтар Airbus A320 және Boeing B737 ұшақтарына бәсекелес бола алады деп үміттенеді екен.
COMAC мәліметінше, ұшақты толықтай қытайдікі деуге келмейді, қозғалтқыш пен тағы біраз сайман Батыста жасалған екен.
COMAC жылына 150 C919 ұшағын жасмақ. Әзірге компания мұнымен 5 жыл айналысуға ниетті. Қазірдің өзінде компания 1200 лайнерге тапсырыс алыпты.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!