Қырым экологтары құйрығына тас байланған өлі дельфиндер тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Қырым жағалауындағы Қара теңіз түбінде құйрығына тастар байланған дельфиндер табылды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қырым жағалауындағы Қара теңіз түбінде құйрығына тастар байланған дельфиндер табылды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.

«Безмятежное море» теңіз сүтқоректілерін құтқару және қалпына келтіру республикалық орталығының мамандары балық аулағанда деструктивті әсердің іздері байқалады деп болжады.

Қырым экологтары теңіз түбінен бірнеше өлі дельфиннің денесі шығарылып жатқаны түсірілген видео таратты. Олардың айтуынша, видеода олар тапқан өлтірілген жануарлардың бір бөлігі ғана болған.

«Безмятежное море» орталығының қызметкерлері 2017 жылдан бері теңіз жағасында табылған теңіз сүтқоректілерінің статистикасын жүргізіп келеді. Бақылау кезеңінде осындай 2167 жағдай тіркелді. Дельфиндердің көпшілігі балық аулау құралдарына түсіп өледі.

Орталық қызметкерлері әлеуметтік желілерде жариялаған хабарламада дельфиндердің тек 10 пайызы құрлықта, ал қалғандары теңіз түбіне түсетіні айтылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАЗАХСТАНСКИЕ НОВОСТИ KZ 👍📚📑 (@kazpress)

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная