Қырғызстанда қар көшкінінен төрт турист қаза тапты

Қырғызстанның Ыстықкөл облысының Жырғалаң шатқалындағы қар көшкіні салдарынан чехиялық төрт турист қаза болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл туралы ТЖМ-ға сілтеме жасап 24.kg порталы мәлім етті.

Оқыс оқиға 25 ақпанда сағат 13.00-де болған. 23 адамнан тұратын туристер тобы Тұлпар-Таш жайлауында шаңғы теуіп жүрген. Олардың барлығы Чехия мен Словакияның азаматтары екені анықталды.

Туристер қар көшкінінің астында қалып қойғандарды өздері алып шыққан. Кейін олар қаза тапқандарды тасымалдауға көмек сұраған.

Оқиға орнына Төтенше жағдай министрлігінің алты құтқарушысы келіп, қаза тапқандардың мәйіттерін Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне тапсырған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!