АҚШ-та ұлыбританиялық турист бизонның шабуылынан кейін сал болып қалды, - деп хабарлайды Daily Mail.
Басылым мәліметінше, 19 жастағы қыз бала Оңтүстік Дакота штатындағы саяхатының екінші күні оқыс оқиғаға тап болған. Екі тонналық құтырған жануар туристі шабуылдап, 4,5 метр биіктікке лақтырған.
Ұлыбританиялық қыздың айтуынша, ол бизонмен кездесуден кейін таңғажайып жағдайда тірі қалған, алайда айтарлықтай ауыр жарақаттар алған. Оның сол жамбасындағы күре тамыры кесілген, соның салдарынан ол көп қан жоғалтқан.
© GoFundMe
Жарақат салдарынан қыз баланың бір аяғы істемей қалған, ол өздігінен жүре алмайды. Қазіргі уақытта қыздың отбасы мамандандырылған ем қабылдау үшін 140 мың фунт стерлинг (80 миллион теңге) жинап жатыр.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!