Курортта жаңа қарым-қатынас құрған туристердің саны аталды

Сарапшылар туристердің бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау қажет болған кезде қалай жүретінін біліп, жаңа достар табу оңай болатын әлем қалаларын атады. Бұл туралы Hotels.com сервис зерттеуіне сілтеме жасап Express жазады.

Әрбір бесінші адам біреумен достасу үмітімен сапарға шығатыны белгілі болды. Он туристің төртеуі өмірінде кемінде бір рет "курортта роман" бастаған. Ал респонденттердің 13 пайызы көптеген адаммен шулы кеш өтетін жерлерге әдейі барады екен.

Респонденттердің 27 пайызы саяхатқа шыққан сапарластарын әлеуметтік желілердегі достарына қосады. Ал олардың шамамен 25 пайызы үйге оралғанда жаңа таныстарымен кейін кездесіп тұрады.

Сарапшылар әлемдегі ең "достық қатынас тез құрылатын" жерлер Ибица аралы, Дублин, Амстердам, Сидней, Лас Вегас, Ливерпуль, Барселона, Нью-Йорк, Миконос аралы және Рим деп танылғанын атап өтті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!