Курортта жалаңаш жүрген турист жергілікті тұрғындарды шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tourprom Фото: tourprom

Таиландтағы Паттайя курортында туристерді, жергілікті тұрғындар мен полицияны алаңдатқан қызықты оқиға болды. Тәртіп сақшылары Еуропаның бір елінен жалаңаш туристі ұстады. Полиция "біртүрлі туристің" шығу тегін анықтауға тырысып жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландтағы Паттайя курортында туристерді, жергілікті тұрғындар мен полицияны алаңдатқан қызықты оқиға болды. Тәртіп сақшылары Еуропаның бір елінен жалаңаш туристі ұстады. Полиция "біртүрлі туристің" шығу тегін анықтауға тырысып жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Оқиға түн ортасында Паттайяның оңтүстік бөлігінде - Банг Ламунг ауданындағы адам көп көшеде болды. Көшеде жүрген азаматтар полицияны шақырды.

Таиландтағы БАҚ-тың мәліметінше, "полицейлер жақындаған сайын жалаңаш еуропалық оларға түкірді". Сондықтан жалаңаш ер адам күшейтілген режимде ұсталды.

Кейін турист учаскеде айғайлап, полицейлердің мазасын алған. Сондай-ақ, оның жанында ешқандай құжаты болмағандықтан полицейлер оның кім екенін анықтай алмаған. Нәтижесінде Таиланд полициясы жалаңаш бейтаныс адамды анықтауға көмек сұрады. Олар ұсталған адамның психикалық ауруы бар және оны емдеу керек деп ойлайды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная