Испанияның Майорка аралында круиздік кемеде жұмыс істеген әртіс қамауға алынды. Ол ұлыбританиялық туристі зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Olive press порталына сілтеме жасап.
33 жастағы саяхатшы кеме капитанына болған оқиға туралы бірден хабарлаған. Кеменің қауіпсіздік қызметі 27 жастағы ер адамды ұстаған. Ал лайнер 15 наурыз күні Пальма қаласына тоқтаған кезде Испания азаматтық гвардиясының офицерлері күдіктіні тұтқындады. Ол полиция бөлімінде куәлік беріп, медициналық тексеруден өтті.
Кейіннен ұсталған адамның әртіс екені анықталды. Ол 17 наурызда сот алдында жауап берді. Бірақ сотта тіс жармау құқығын пайдаланып, кепілге босатылды. Тергеушілер оның ұялы телефонын тексерді.
Ұлыбританиялық туристің айтуынша, круиз кезінде ол күдіктімен бірге билеген. Кейінірек ол оны жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!