Круиз лайнері Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендердің баспанасы болады

Круиз лайнері Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге уақытша баспана ретінде беріледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Cruise Hive сайтына сілтеме жасап.

Miray Cruises компаниясына тиесілі Gemini кемесі 15 наурызда Түркияның Исендерун портына тоқтайды. Сосын кеме грекиялық аралға аз уақытқа круизге шығады.

Круиз компаниясы тек баспана беріп қоймай, тағам және медициналық көмек көрсетеді. Балалар үшін түрлі сауықтыру шаралары ұйымдастырылады.

Gemini - 1074 адамды сыйдыра алады. Оның ішінде бірнеше бар, мейрамхана, салондар, сауда-саттыққа арналған алаңдар, бассейн және спа-орталықтары бар. Мұндай қызметтер зардап шеккендерге қолжетімді бола ма әзірге белгісіз, оларды қойма ретінде пайдалануы да мүмкін.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!