Роспотребнадзор Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты коронавирустың N501Y мутациясын (ұлыбританиялық штамм) - АмплиСенс® SARS-CoV-2-UK-IT реагенттерін анықтайтын тест-жүйені әзірлеп, тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымға сілтеме жасап.
Жаңа тест-жүйе адам ағзасында жаңа штамм бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді, ол ұлыбританиялық мутацияны тиімді күшейту үшін олигонуклеотидтерді арнайы таңдау арқылы жүзеге асырылған және вирустың 106 дана/миллилитр деңгейінде максималды концентрациясына арналған. Бұл өте жоғары вирус жүктемесі бар үлгілер үшін мутацияны анықтаған кезде жалған нәтиже шығаруға мүмкіндік бермейді.
"Реагенттер жиынтығы клиникалық сынақтардан сәтті өтті және Ресей Федерациясында қолдану үшін тіркелді, дәлдік деңгейі жоғары, бұл мутациясы бар клиникалық үлгілердегі сынақта дәлелденді.
Жаңа технологияны кез келген басқа SARS-CoV-2 мутацияларын, сондай-ақ, тез жаппай тестілеуді қажет ететін басқа жұқпалы қоздырғыштарды анықтау үшін реагенттерді дамыту үшін қолдануға болады", - делінген Роспотребнадзор хабарламасында.
Айта кетейік, ұдыбританиялық штамм туралы былтыр желтоқсанның соңында белгілі болды. Жаңа штамның айтарлықтай ауыр салдары жоқ, ол да ауа-тамшы жолдары арқылы тарайды. Сәйкесінше, сақтық шаралары да бұрынғы - әлеуметтік қашықтық, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану.
Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталды ма?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!