Сарапшылар COVID-19 пандемиясы кезінде қай мемлекеттің төлқұжаты әлем бойынша саяхаттауға қолайлы екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Passport Index-ке сілтеме жасап.
Саяхат үшін ең жақсы төлқұжат жаңа зеландиялық болып шықты, мұндай төлқұжаты бар адамдар коронавирустық пандемия кезінде әлемнің 129 еліне емін-еркін бара алады. Жаңа Зеландия паспорты биліктің Австралиямен шекарадан міндетті карантинсіз өту туралы келісімінен кейін өз позициясын нығайтты.
Сонымен қатар, COVID-19 алғашқы толқыны кезінде Жаңа Зеландия халқы тек 80 елге ғана саяхаттай алған екен. Passport Index өкілі Грант Богосян Жаңа Зеландияның бұл ұстанымын үкіметтің пандемиямен күресінің өте жақсы нәтижесінің көрсеткіші деп санайды.
Ал келесі орындарда Германия, Ирландия, Австрия, Швейцария, Люксембург, Жапония, Оңтүстік Корея және Австралия тұр . Бұл мемлекеттердің азаматтары 128 мемлекетке арнайы құжаттарсыз және шектеусіз кіре алады. Айта кетейік, шілде айында жапон азаматтары коронавирус пандемиясы кезінде саяхаттауға ыңғайлы азаматтықтың иелері атанды. Бұл елдің тұрғындары әлі күнге дейін әлемнің 191 еліне визасыз (бірақ шектеусіз) бара алады, өйткені жапондарға Еуропалық Одаққа 1 шілдеден бастап кіруге рұқсат етілген.
Осыған дейін Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесі Нұр-Сұлтанды саяхаттауға болатын 100 қауіпсіз орынның тізіміне енгізген болатын. Үш айда "саяхатқа қауіпсіз" мәртебесін алған 100 бағытқа ТМД елдерінен Қазақстан, Ресей және Украина мемлекеттері кірді.