Қонақүй аумағында иттер екі жасар баланы талап тастаған

Аустралияда екі жасар бала қонақүйді артқы ауласында иттердің шабуылынан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Mirror.

Аустралиялық отбасы - Кеша Поллард, оның екі жасар ұлы Джейдон және екі қызымен бірге Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы Каура қаласының қонақүйіне тоқтаған. Отбасының туыстарының айтуынша, балалар жергілікті иттермен жиі ойнаған, алайда 8 қарашада таңғы уақытта не жағдай болғаны белгісіз, бірақ екі ит баланы талап тастаған.

Джейдонның мойыны, беті және саусағы қатты жараланған бойда Каура ауруханасына жеткізілген, сосын тікұшақпен Сиднейдегі Батыс ауруханаға жеткізген. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Ротвейлер мен қой бағатын ит Country Gardens Motor Inn мотелінің персоналына тиесілі екені айтылады, қазіргі уақытта жануарларды жергілікті билік қамап қойды.

Кейбір мәлімет бойынша, оқиға анасының және екі әпкесінің көзінше болған, басқа дереккөз бойынша куәгерлер болмаған, себебі иттер балаға қонақүйдің артқы алаңында шабуылдаған.