Колумбияда 17 күн өткеннен кейін ну орманда ұшақ апатынан аман қалған төрт баланы (13, 9, 4 жас және 11 айлық бала) тапты. Олардың анасы мен әуекемесінің ұшқышы қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Semana.com басылымына сілтеме жасап.
1 мамырда Бразилияның Араракуара муниципалитетінен Колумбияның Сан-Хосе-дель-Гуавьяре қаласына ұшқан Cessna 206 ұшағы қозғалтқыштың істен шыққаны туралы апатты сигнал берген. Сосын ұшақ радардан жоғалып кетті. Оларды 16 күн бойы іздеген. Іздеу жұмыстары ауа райының қолайсыздығына және апат болған аймақтың адам жүруіне мүмкіндік болмауына байланысты тежелген.
16 мамырда әскерилер ұшақты тапқан, олар салоннан ұшқыш пен екі әйелдің денесін тапқан. Кәмелетке толмаған төрт бала ұшақ бортында болмаған.
Алайда әскерилер апат болған маңайдан адам іздерін, қайшы және пакет тауып, іздеу жұмыстарын жалғастырған. Оларға еріктілер қосылып, сосын арнайы үйретілген иттермен кинологтар жұмылдырылған.
Ауа райының және басқа да қиындықтарға қарамастан, адамдар барлық маңайды шарлап шыққан.
Қуанышты жаңалықты жергілікті БАҚ эфирінде ел президенті Густаво Петро хабарлады.
"Қиынға соққан іздеу жұмыстары нәтижесінде біздің әскерилер төрт баланы тапты, олар Гуавьяре маңында апатқа ұшыраған ұшақтың бортында болған. Бұл ел үшін қуаныш", - деп жазды Петро Twitter желісіндегі парақшасында.
Después de arduas labores de búsqueda de nuestras Fuerzas Militares, hemos encontrado con vida a los 4 niños que habían desaparecido por el accidente aéreo en Guaviare. Una alegría para el país.
— Gustavo Petro (@petrogustavo) May 17, 2023
Жергілікті тұрғындар балалардың аман қалуын нағыз таңғажайып жағдай деп атады, себебі ну орманда екі апта бойы жүру дайындалған ересектердің өзіне қиын екен.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!