Көліктер көп жүретін жолдың ортасында ұшақ апаты болды. Видео

АҚШ-та ұшқышы мен жолаушысы бар ұшақ көлік көп жүретін жолдың ортасында құлады. Құлаған ұшақтың артынан жалын шықты. Апаттың видеосын New York Post жариялады.

Басылымның мәліметінше, бұл Калифорния штатында дүйсенбі, 9 тамыз, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:20-да болған. Желіде жаияланған кадрлардан әуе кемесінің жүк көлігіне қалай түсіп, жанғанын көруге болады. Ауада қара түтін пайда болды.

Ұшқыш пен жолаушы ұшақтан шығып үлгереді. Жүк көлігіндегі адамдар зардап шеккен жоқ. Жолдың бір бөлігі апатты тергеу және әуе кемесі мен зардап шеккен көліктің сынықтарын тазарту үшін бірнеше сағатқа жабылды. Салдарынан кептеліс болды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!