Қолжетімді Афина. Бюджеттік саяхатты таңдаушылар үшін ежелгі қаланың ең қызықты жерлері

Сізге Афина қаласында демалысты жақсы өткізу үшін мол қаржы жұмсаудың қажеті жоқ. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Афинадағы кез-келген саяхатшыға қолжетімді қызықты туристік орындар жайлы баяндайды.

Материал The Сulturetrip, Travel Greece Travel Europe және This is Athens ақпараттық порталдары негізінде жасалды.

Афина тарихы ежелгі дәуірден бастау алады. Қаланың іргесі қай күні қаланғаны туралы нақты айту қиын, археологтар бұл қалаларға гректер келгенге дейін, біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықтың ортасынан бастау алатын Акрополь қаласындағы қазба жұмыстары кезінде елді мекенді тапқан. Грек аңыздарындағы Афинаның алғашқы мифтік патшасы Афина мен Посейдон арасындағы Аттиканы иелену туралы дауды шешкен Кекропс деп саналады. Аттика қалаға өмір мен байлықтың қайнар көзі болып табылатын зәйтүн ағашын сыйлады. Осылайша, ол тек теңіз суымен қамтамасыз ете алатын теңіз құдайымен дауласып, қаланың қамқоршысы атағын жеңіп алды.

Афина өзінің заманауи келбетін 1830 жылдары, қазіргі грек кезеңінде ала бастады. Бұл Греция Осман империясынан тәуелсіздік алғаннан кейін болды. Ұлы державалармен келісіп (Ұлыбритания, Франция және Ресей) таққа отырған Бавария жас королі Отто қаланың бұрынғы ұлылығын қайтаруға шешім қабылдады. Ол шақырған Бавария сәулетшілері Лео фон Кленце мен Теофил фон Хансен бірнеше негізгі көшелерді неоклассикалық стильде салған, соның ішінде Синтагма алаңы, Афина университеті, ұлттық саябақ және "Заппион" көрме залы бар.

Біз сізге үнемді туристтің қалай Афина қаласында барынша толық демалуға және сол демалысты тегін немесе өте аз қаражат жұмсау арқылы жүзеге асыруға болатынын айтып береміз.

Археологиялық қазба жұмыстарына тегін экскурсияға қатысыңыз

Қалаларға тегін турлар ұсынатын бірнеше ұйымдар бар. Бұл турларды жергілікті тұрғындар өткізеді, олар көрікті жерлер мен Грекия астанасы туралы қызықты деректерді баяндайды. Акрополь, Афина Агорасы, Олимпиада Зевс храмы, Рим Форумы және Дионис театры сияқты қаланың ежелгі жерлерін көруге болатын экскурсияларды таңдаңыз.

2,5 шақырымдық аумақты қамтитын тарихи орталыққа саяхат Монастираки мен Плака туристік аймақтары бойынша серуендеуден тұрады. Экскурсия бағдарламасы Афина соборына, Агораның ежелгі қирандыларына, Адрия кітапханасының қирандыларына (Рим императоры Адриан салған ғимарат) экскурсияны қамтиды.

New Athens Free Tour қаланың көпғасырлық тарихы туралы баяндайды. Экскурсия 2,5 сағаттан артық созылады. Таңғы сағат 10.20-да Монастираки алаңында, Афина метро станциясының жанындағы кішкентай мұнараның алдынан басталады. Ақылы тақырыптық экскурсиялар ақысыз турға қосымша ретінде ұсынылады.

"Туры от Никоса" компаниясы Афинаға тегін турлар ұсынады. Никос - өз қаласын жақсы білетін және жақсы көретін жергілікті гидтің есімі. Ол басқа елдерге саяхаттауды ұнатады және өзінің көкжиегін үнемі кеңейтіп отырады. Бұл сізге бай және қызықты экскурсия болары сөзсіз дегенді білдіреді.

Биік төбелерден әдемі көріністерді тамашалаңыз

Афинада жер бедері әртүрлі болғандықтан, әсем табиғат көріністерін жоғарыдан тамашалауға болады. Экархиядағы 155 метрлік Стрефи тауына көтеріліңіз, ол жерден Акропольдің әсем көрінісі ашылады.
Бақылау алаңы немесе волейбол алаңына жаяу барыңыз, содан кейін 360 градуста көрінетін жерден шыңға апаратын тар жолды табыңыз. Бұл төбе туристердің аз келуімен ерекшеленеді.

Ежелгі уақытта Зевстің мүсіні осы төбеде тұрды. Төбенің қазіргі атауы XIX-XX ғасырларда төбеге иелік еткен генерал Стрефистің отбасымен байланысты. Олар таудағы тас карьерді ұстап, оның етегінде өмір сүрген екен.

Оқиға генерал Стрефистің әйелі Стрефи ханым карьердегі қызыл шаңды өзінің сүйікті киіміне жұғып қалғанын көргенінен басталады. Ашуланған ол күйеуіне карьерді жауып, төбеге орман отырғызуға шақырады. Солай болды.

Бүгінде Strefi - бұл тас жолдар, орындықтар, ойын алаңдары және спорт алаңдарымен, жайлы таверналармен жабдықталған таза жасыл саябақ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Adam (@ajreeb1)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Radek Kavar (@radekkav)

Синтагма алаңындағы Парламент ғимаратының сыртындағы күзетшінің ауысуын тамашалаңыз.

Эвзоналар (грек армиясының элиталық бөлімшесі) күзетшіні ауыстыру үшін Василисис Софиас даңғылымен олардың казармасынан Ирод Аттикаға қарай сағат сайын түсіп отырады.

Мұның бәрі қызықты би сүйемелдеуімен жүреді. Әр сағат сайын олар Ирод Аттика (Irodou Attikou/Ηρώδου Αττικού) және Василисис София (Vasilissis Sofias / Βασιλίσσης Σοφίας) даңғылымен жүреді. Мереке және жексенбі күндері сағат 11.00-де бұл бүкіл взводтың қатысуымен және оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimitra Hatziadam (@dimitra_hatziadam)

Тарихи шіркеуге барыңыз

Жергілікті шіркеулердің көпшілігі ежелгі ғибадатханалардың үстіне салынып, оларға ерекше сән береді. XI ғасырдағы Капникарея біздің ханымның шіркеуі - қаладағы ең көне шіркеулердің бірі. Ол Афинадағы Эрму сауда көшесіндегі заманауи дүкендердің арасында орналасқан. Ғибадатхананың кескіндемесін өткен ғасырдың ортасында грек суретшісі және иконалар суретшісі Фотис Кондоглу және оның шәкірттері салған.

Агиа Марина шіркеуі жартасқа қазылған ежелгі ғибадатхананың қирандыларына салынған, ол жерде жер асты су қоймасы да табылған. Мұнда қабырғаға салынған суреттерді көруге болады, олардың ең алғашқы суреттері XIII ғасырда жасалған. Қабырғаларында сіз Грециядағы еуропалық сәулет үлгісін көрсететін танымал суретшілердің жұмыстарын көре аласыз.

Агиос Георгиос кикладикалық (ақ ғимараттар) стиліндегі ақ шіркеу Ликабетт шыңының басында орналасқан, ол қаланың және теңіздің ең жақсы көріністерін ұсынады. Шіркеу XVIII ғасырда пайда болды. Алайда, ол ежелгі Зевс Акреос ғибадатханасының орнына салынған деп есептеледі. Шіркеу күмбезі және қоңырау мұнарасы бар және оны екінші грек королі І Георгийдің әйелі Ольга сыйға тартты. Бұл күннің батуын тамашалауға таптырмас орын. Шіркеуге фуникулермен немесе бұрылыс жол бойы арқылы таумен жетуге болады.

Диомидес ботаникалық бағында серуендеңіз

Диомидес бағы бүкіл әлем бойынша 500-ден аса өсімдік түрлерімен 1,86 гектар аумақты алып жатыр. Оған Аттикадағы ең көне қарағай ормандары кіреді. Дәрілік өсімдіктердің арасында фармацевтикалық қасиеттерімен танымал көптеген шөптер бар: тимьян, луиза, пассионарлы гүл, лаванда және т.б. Грекиядағы ең үлкен бақ ежелгі грек мифологиясында айтылған өсімдіктермен танымал: қасиетті Афродита мирті, зәйтүн ағашы - Афины символы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Hnubkhou Xiong (@khounouxiong)

Ең жақсы мұражайларға барыңыз

Афинада әлемдегі ең танымал археологиялық және тарихи мұражайлар орналасқан. Олардың көпшілігі таңертеңгі 10-нан түскі уақытқа дейін жұмыс істейді. Кейбір мұражайлар жексенбі немесе мереке күндері ақысыз кіруді ұсынады.

Ұлттық тарих мұражайы Стадиу көшесіндегі (Колокотрони алаңы) ескі парламент ғимаратында орналасқан. Ол 1884 жылы мұражайға тарихи артефактілерді ұсынған 1821 жауынгерлердің отбасылары мен Армия мен Әскери-теңіз министрлігінің бірлескен күшімен құрылды. Әр жексенбі сайын мұражайға кіру тегін.

Грекия Театрлық мұражайын 1938 жылы грек театр тарихшысы Яннис Сидерис құрған. Мұражайда театр өмірінен естеліктер, костюмдер мен реквизиттер, театр саласында жұмыс жасаған жүргізушілердің фотосуреттері сақталған. Театр мұрағатында XVIII-XIX ғасырлардағы қолжазбалар, бағдарламалар мен плакаттар бар. Кітапханада 25000 томдық грек және шетелдік библиография бар. Кіру тегін.

Грек халық музыкалық аспаптары мұражайының топтамасында 1200-ден астам халықтық музыкалық аспаптар бар. Олардың ең ежелгісі XVIII ғасырға жатады. Музыкалық сирек мұраларды белгілі музыкатанушы Фивос Аногиянакис жинаған. Мұнда сіз даулия, мандолина, лагхут, тамбурада, қоңырауша мен қоңыраудың қалай дыбысталатынын естисіз. Әр көрменің жанында аспаптың қалай дыбысталатынын тыңдайтын құлаққаптар бар. Кіру тегін.

Афинаның Муниципалдық галереясы мен Аристотель лицейіне де (Peripatetic School) ақысыз кіруге болады.

Тегін кино көрсетілімін тамашалаңыз

Афина Ұлттық Университетінің студенттері Ирида киноклубының құрамында үлкен экранда дәрістер мен фильмдердің тегін көрсетілімдерін ұйымдастырады. Бағдарламада әр түрлі жанрдағы және танымал фильмдер бар. Іс-шаралардың көпшілігі грек тілінде өтеді. Туристерді ескі кинотеатр ғимаратының атмосферасы қызықтырады, оның көрінісі көрерменді басқа дәуірге алып барғандай әсер етеді.

Жағажайда демалыңыз

Афиналық ривьера жалтыраған көгілдір сулары, жұмсақ құмы немесе тасты жағалаулары бар әртүрлі тегін қоғамдық жағажайларымен мақтана алады. Демалуға қолайлы уақыт: сәуірден қазанның аяғына дейін. Афинадағы жағажайлардың алуан түрлілігі таңқаларлық. Мұнда ашық ауада демалуды ұнататындарға да, қолшатырдың астында салқын фраппемен (салқын кофемен) ішіп, демалғысы келетіндерге арналған орындар бар.

Аполлон Зостер қираған ғибадатханасының айналасында, Аполлонос көшесіндегі Астир жағажайында көптеген аңыздар айтылады. 1924 жылы Вулиагмени шіркеуінің тәрбиеленушілері жағажайда ойнап жүріп, кездейсоқ ежелгі бағанның төбесін көріп қалады. Археологтар қазба жұмыстарын ашып, бағандар, мәрмәр тұғырлар және басқа да жәдігерлер тапты. 1927 жылдың аяғында ғибадатхана толығымен қазылды.

Археологтар бұл Аполлон Зостердің ғибадатханасы екенін және біздің дәуірге дейінгі VI ғасырда салынғанын анықтады. Мифтерде Аполлонның анасы Лето оны туғанда белбеуін лақтырып тастаған дейді. Аполлон осы жерге құлап, кейінірек белдікті алып, өзіне байлап алыпты-мыс. «Зостер» грек тілінен аударғанда «белбеу» дегенді білдіреді. Жағажай ұсақ құммен, мөлдір суымен және ежелгі қирандылар арасында демалу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Туристер жайлы шезлонгтарды, жағымды музыканы және дәмді тағамдар мен сусындары бар әр түрлі жанға жайлы орындардың барын ерекше атап өтеді.

Кавури жағажайы биік қарағайлармен көмкерілген. Мөлдір суы бар бірнеше құмды аймақтар бар. Белсенді спорт әуесқойлары жағалау сызығына жақын жағажай волейболына қосыла алады. Шезлонгтар жалға беріледі. Ол жерге Elliniko станциясына дейін метрополитенмен, ал 122 автобуспен жетуге болады. Қоғамдық көлікте билет құны - 1,40 еуро. Қаланың ішінде жиі қатынау үшін бірнеше күндік жол жүру билетін 9 және 22 еуроға алуға болады.

Ұлттық саябақта серуендеңіз

Орталық қоғамдық саябақ Синтагмадағы Парламент ғимаратының жанында орналасқан. Бақтар 1839 жылы Грецияның XIX ғасырдағы патшайымы Амалия үшін отырғызылды, ол өзінің сұлулығымен және ақылдылығымен халықтың сүйіспеншілігіне бөлене білді. Ол елдегі әлеуметтік мәселелерге белсенді араласты.

Саябақта мозаика және бағандарымен ежелгі қирандыларды, белгілі грек ақындарының бюсттерін кездестіруге болады. Ағаштардың, бұталардың және басқа өсімдіктердің шамамен 15000 түрі бар. Балаларға торлы қоршау арқылы қарауға болатын қаздар, павлиндер мен ешкілері бар бұрыш ұнайды. Ағаштар саясында ата-аналарға арналған ойын алаңдары, орындықтар орналасқан, бұл жер балалармен бірге пикник жасауға немесе қалалық джунглиде демалуға өте ыңғайлы.

Саябақта екі оқу залы бар кітапхана, ертегілер залы, музыка және кинозалдар бар. 1984 жылы алғаш ашылған кезде 1500 кітап қоры болса, бүгінде олардың саны 6000-нан асты.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.