10 мамырдан бастап Кипрде демалып жатқан немесе енді келетін саяхатшылар үшін шектеу шаралары жеңілдетілді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.
Енді тұрғын үйден немесе қонақүйден шығу үшін шенеуніктерге хабарлама жіберудің қажеті жоқ. Сауда орталықтары мен дүкендерге, театрлар мен кинотеатрларға, сондай-ақ келушілерді ашық алаңдарда орналастыратын қоғамдық тамақтандыру орындарына жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұл мекемелерде болудың жалғыз және маңызды шарты Coronapass болуы керек.
- кемінде 3 тәулік бұрын орындалған теріс нәтижесі бар ПТР-тест;
- үш апта ішінде жасалған препараттың кем дегенде алғашқы дозасымен вакцинация туралы анықтама;
- соңғы алты ай ішінде берілген ковид жұқтырып, ауырғанын растайтын анықтама.
Жағажайларда, хайуанаттар бағында және пикник алаңдарында Coronapass қажет емес. Бұл орындар үшін демалушылар санына шектеу қойылады - 10 адамнан көп болып жиналуға болмайды.
Жағажайларда, хайуанаттар бағында және пикник алаңдарында Coronapass қажет емес. Тек бұл орындар үшін демалушылар санына шектеу қойылады - 10 адамнан көп болып жиналуға болмайды.
Елде бұған дейін енгізілген - сағат 23.00-ден 05.00-ге дейінгі коменданттық сағат жойылмайтынын, тиісінше түнгі клубтар да жабық болатынын атап өткен жөн.